Омбы Облысындағы Қазақ Топономикасы (ХХ ғ. І ширегі)
Аңдатпа
Мақалада авторлар ХХғ. І ширегіндегі Омбы облысындағы қазақ топонимасы мәселелерін қарастырады. Авторлар зерттеліп отырған аймақтың географиялық онамастикасының пайда болуына тарихи, этномәдени факторлардың ықпалы барекендігіне баса назар аударып, Батыс Сібір мен Омбы өлкесіндегі қазақтардың қоныстану тарихы мен қазақ көші-қонының орналасуын көрсетеді. Тарихи деректер мен архив материалдарын келтіре отырып, авторлар қазақтың арғын руының көрсетілген территорияға қоныстануын сонау ерте кезеңге (ХІІІ ғ. бастап) жатқызады. Сондай ақ мақалада халықтың саны, этникалық құрамы және аталған аумаққа қоныстану мәселелері талданады. Сонымен қатар, авторлар аталған аймақтың тарихи динамикада әкімшілік-территориалдық бөліну ерекшелігін, мәселен, патшалық Ресей, Кеңес дәуірі кезеңіндегіні қарастырады. Мақалада қолданылған архив деректері, сол кезеңдегі материалдар мен фольклор деректері құнды болып саналады.








