Патша үкіметінің Жетісудағы ХХ ғасырдың бас кезіндегі ағарту қызметі (Жетісу Қоныс аудару басқармасы меңгерушісінің қор құжаттары бойынша)

Авторлар

DOI:

10.26577/jh.2020.v97.i2.08

Аңдатпа

Мақалада патша үкіметінің ХХ ғасырдың бас кезіндегі Жетісудағы ағарту қызметі
қарастырылады. Ағарту жұмыстарын Жетісу қоныс аудару басқармасының, Жетісу облыстық
комитетінің және Арнайы кеңестің жүргізгендігі Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік
архивіндегі №19 қор құжаттары бойынша көрсетіледі. Осы құжаттардың негізінде төңкеріске
дейінгі патша үкіметінің Жетісудағы отарлау саясатының бағыттары анықталады. Деректік
сипаттағы патша өкіметі шенеуніктері С.Н. Велецкийдің, А.П. Купластың, А.В. Васильевтің,
А.Л. Трегубовтың, К.К. Паленнің еңбектеріндегі Жетісу өлкесіндегі отарлау саясатының
көрініс табуы талданады. Ұлт зиялылары Ә. Бөкейханның, М. Дулатовтың, А. Байтұрсыновтың,
М. Тынышбаевтың еңбектеріндегі рухани отарлаудың саясатының зардаптары туралы
көзқарастары ашылады. Ресей империясының өлкедегі қоныс аударушылар арасындағы діни
және білім беру, тәрбие жұмыстары қор құжаттары бойынша баяндалады. Қоныс аудару
басқармасының мектептер мен шіркеулер салуға жер телімдерін, қаржы бөлуі, ағарту шараларын
үнемі басты назарда ұстап отырғандығы дәйектеледі.

Жарияланды

2020-07-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы