Ұстатпайтын көтерілісшілер: Қазақстандағы ашаршылық қарсаңындағы көтерілістер туралы зерттеу (1929-1931)

Авторлар

DOI:

10.26577/jh.2020.v97.i2.04

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда 1929-1931 жылдардағы ұжымдастыру және мал мен астық дайындау
науқанына байланысты мемлекетке қарсы көтерілістер толқыны туралы соңғы ғылыми
әдебиеттерге шолу берілген. Тақырыпты зерттеуде бастапқы дереккөздерінің шектеулеріне
қысқаша баға бергеннен кейін, мақалада әртүрлі көтерілістердің кезеңдестірілуі мен типологиясы,
олардың дамуы мен себептері туралы ақпарат берілген. Содан кейін авторлар Талас Омарбеков
жазған осы тақырыптағы ең соңғы және толық монографиясының нәтижелеріне қорытындылау
шығарады. Омарбековтің кітабында ұлы ашаршылық қарсаңындағы көтерілістердің «ұлттық
интерпретациясы» туралы нақты деректер келтірілген, оларды Қазақ даласындағы 1916 жылғы
көтерілістермен тығыз байланыстырады. Сонымен қатар, авторлар аталған тақырыпта, әсіресе
еуропалық тарихшылардың соңғы жаңа тарихнамалық үлестерін талқылайды, осылайша қазақ
және кеңес тарихының маңызды тұсындағы ғылыми пікірталастарға өзекті шолуды ұсынады.
Көтеріліс туралы ғылыми әдебиеттердегі ең маңызды мәселелер: ХІХ және ХХ ғасырлардағы
отаршылдыққа және ұжымдастыруға қарсы көтерілістер кезіндегі көтерілістер арасындағы сабақтастық немесе алшақтық; көтерілістегі қазақ элиталарының рөлі және олардың билігінің
қуат көздері; империялық үстемдік қазақ қоғамын қаншалықты өзгертті және оның Кеңес
мемлекетінің тегеуріне төтеп беру қабілетіне әсері; және де «азаматтық соғыс» категориясы
ұжымдастыру және ұлы ашаршылық кезінде Қазақстанды жайлаған зорлық-зомбылықты
түсіну үшін пайдалы ма деген сұрақ. Мақала аштық қарсаңында Қазақстанның әртүрлі
аймақтарындағы көтерілістердің көп бағытты динамикасының біртұтас саяси жоба мен мәмлеге
жанаспайтындығына назар аударумен аяқталады. Сондай-ақ, саяси полиция мен жергілікті
мұрағаттың материалдары негізінде көтерілістің жекелеген эпизодтарының микротарихын құру
қажеттілігі жайында баса айтылған.

Жарияланды

2020-07-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы