Ислам елдерінің жастары жолындағы мәдени-экономикалық проблемалар

Авторлар

DOI:

10.26577/jh.2020.v97.i2.02

Аңдатпа

Үшінші әлем елдері, соның ішінде Ауғанстан елінің жастары мәдени шабуылға және мәдени
бұрыс идентификациялау процесіне ұшырап жатыр. Индустриалды озық елдерден әлсіз, үшінші
қатардағы дамушы елдерге таралатын тұтыну материалдары, атап айтқанда бұқаралық ақпарат
құралдары және шет елдік мәдениеттерге сәйкес хабарландырулар, ақпараттық материалдар
мен технологиялық құрылғылар сияқты арнайы бағдарламалар жоғарыда аталған мәдени бұрыс
идентификациялау процестің өршуіне және жастардың өзінің мәдениеті мен ұлттық болмысынан
алшақтатуына ықпал тудырады. Жаһандану процесі, бұл – үлкен жоспар, яғни бүкіл әлемді
үлкен бір ауылға айналдырып және сол ауыл тағдырын саяси, экономикалық күшке ие алып
адамдар мен ұлттардың қолына беру ісі көзделген. Әлсіз елдердің жастары, бұл жоспардың
түп мағынасын түсінбей, сол жоспардың ықпалына еріп кетуде. Ал медиалық материалдар сол
жаһандану процесін жүзеге асыруға көмектеседі және әлсіз елдердің жастарын соған тартады.
Алдыңғы қатарлы елдердің медиа жарнамасы әлсіз елдер жастарының санасына сіңіп, оларды
жарқын болашаққа сендіреді. Жыл сайын жастардың білім алуына артта қалған елдерден батыс
елдеріне миллиардтаған доллар қаражат пен активтер аударылады. Бұл жағдай озық елдердің
пайдасына шешілген, әлсіз елдердің жұмсалған қаражатымен оқытылған жастардың мәдени
дезидентификациялық процесіне алып келді.

Автор өмірбаяндары

  • Khalil Kohi, Бамиан университеті
    Assistant professor
  • Shirali Samimi, Бамиан университеті
    Assistant professor 

Жарияланды

2020-07-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы