Тарихи тұлға және тарих тағылымы

Авторлар

  • J. Dadebaev
  • P. Bisenbaev
  • E. Karibozov

Аңдатпа

Мақала авторлары ХҮІІ ғасырда Еуразия аумағында орын алған аласапыран уақыттың шындығын баяндайды. Мұнда сол кезеңнің белгілі қайраткерлері турасында айтылған тың құжаттар берілген. Сол мәліметтерде Орақ, Ораз-Мұхаммед, Кантемир, Естерек сияқты тарихи тұлғаларға қатысты жайлар сөз болады. Қырым ханы мен ноғай ұлысы арасындағы соғыстар, елшіліктер, қарым-қатынастар жөнінде де құнды мағлұматтар кездеседі. Осындағы көне хаттардың тарихи да, мәдени де мәні мол. Олар өз тарапынан ХҮІІ ғасырдағы ноғай ордасы, орыс патшасы, қырым хандығы арасындағы жаугершілік заманның шындығын толығырақ, тереңірек танытуға көмектеседі. Сондай-ақ мақаладағы жүйелі талдаулардан тарихта болып өткен ірі оқиғалардың, танымал адамдардың нағыз келбеті мейлінше айқын көрінеді. Мәселен, осындағы орыс тарихында Петр Урусов деген атпен мәшһүр болған Орақ батырдың шығу тегі, тарихи-қоғамдық қызметі, оның теңдессіз ерлігі, ел намысы үшін ақырына дейін алыса білетіндігі жайында жазылған ой-тұжырымдардың мән-маңызы ерекше. Әрине, Орақ батырдың талайсыз тағдыры туралы айтқанда дүрбелең кезеңнің шындығын айналып өту мүмкін емес.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-07-01

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы