ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялылары және Алаш қозғалысы

Авторлар

  • Т. Қ. Мекебаев
  • Ж. Ж. Құмғaнбaев

Аңдатпа

Берілген мақалада ХХ ғасырдың басында патша өкіметіне қарсы оппозицияда болған саяси партиялардың бағдарламалары, ісәрекеттері, жолдары, өздерінің көздеген мүдделері, зиялы қауым өкілдеріне тән өркениеттік деңгейдегі мәдениеттері қарастырылып, Алаш қозғалысының қызметінде ұлттық мемлекеттілік идеясының қалыптасуына шолу жасалады. Зерттеудің негізгі мақсаты ұлт зиялы қауымы өкілдерінің ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру мәселесіндегі қызметі және ұлттық идеологияны қайта жаңғыртудағы іс-әрекеттеріне талдау жүргізу. ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары қазақтың ұлттық идеясын қалыптастыру міндетін өз мойнына алып, ұлттық бірігу мүддесін ұсынуы мақалады жалпы қарастырылады. Автор тарихи деректер мен зерттеулерге сүйене отырып, ұлт зиялы қауым өкілдерінің мемлекеттік құрылымның маңызды өлшемдері болып табылатын: мемлекеттік территория, ұлттық тіл, ұлттық идеология, менталитет, ұлттық мемлекеттілік туралы идеяларына терең талдау жүргізген. Түйін сөздер: Ұлт зиялыларының қызметі, Қазақ зиялылары, Қазақстанның тәуелсіздігі, қазақ ұлты, Алашорда.

Жарияланды

2020-04-16

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы