ХVI-ХVIII ғасырлардағы Қазақстан мен Ресейдің сауда байланыстары

Авторлар

  • С. Боташ
  • Ж. Е. Жаппасов

Аңдатпа

Бұл мақалада тарихи зерттеулерді аксиологиялық тұрғыда талдау негізінде XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс экономикалық қарым-қатынастары мәселесінің теориялық-концептуалдық негізінің қалыптасуы мен зерттеудегі эмпирикалық білімнің қордалану үдерісі анықталды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстан тарихындағы маңызды мәселелердің тарихнамалық аспектілерін зерттеудің қажеттілігімен, XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары мәселесін отандық тарих ғылымына тән жаңаша методологиялық тұрғыда қарастырылуымен анықталады. Соңғы он жылда XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарымқатынастары мәселесіне қатысты көптеген еңбектер жарық көрді, олардың біразында Ресейдің рөлін жоғарылатып, Қазақстанды төмендету тұрғысында жазылғандықтан, оларды қайта қарап, жаңаша методологиялық тұрғыда талдау қажет. Бүгінде отарланушы ел ретіндегі идеологиядан арылған кезінде Қазақстан ғалымдары арасында осы мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастар мен пікірлер туындады, олардың кейбіреулері тіпті бір-біріне қарама-қайшы. Бірақта бүгінде қазақ және орыс халықтары арасында ғасырлар бойы жалғасқан байланыстардың нәтижелері Қазақстанның ұлттық тарихнамасы негізінде қайта ой елегінен өткізу жұмыстары жүргізілуде. Түйін сөздер: тарихнама, империя, отарлау, экономикалық қатынастар, дипломатия.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-15

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы