1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтардың қоғамдық құрылысының тарихнамасы

Авторлар

  • С. К. Игибаев

Аңдатпа

Бұл мақалада 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтардың қоғамдық құрылысы тарихнамалық деңгейде қарастырылған. Мақаланың авторы С.Қ. Игібаев, монографиялық еңбектер мен деректерді саралаудың нәтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық деңгейі патриархалдық-феодалдық емес, ол, айтарлықтай фео­ далдық болғаны жөнінде қорытындыға келіп, қазақ халқының тұр­ мысында кездесетін кейбір патриархалдық сипаттағы әдет-ғұрып қазақ қоғамының деңгейін сипаттайтын анықтама бола алмайтынын, феодалдық қоғамның негізінде капиталистік қатынастардың бел­гілері пайда болып, дами басталғаны, жұмысшы мен қазақ буржуазиясының қалыптасу үрдісінің жүргенін көрсеткен. Түйін сөздер: хан, сұлтан, төре, қожа, би, тархан дворян, феодал, бай, кедей, төлеңгіт, құл.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы