Алтай археологиялық экспедициясының 2019 жылғы археологиялық зерттеу жұмыстары

Авторлар

DOI:

10.26577/JH.2020.v96.i1.18

Аңдатпа

2018 ж. жазғы маусымында археологиялық барлау жұмыстары ШҚО Күршім және
Зайсан аудандары территорияларында жүргізілді. Нәтижесінде қола, ерте темір және ерте
ортағасырларға жататын қоныстар мен қорымдардың орындары ашылып отыр. Сонымен бірге, ерте темір кезеңімен мерзімделетін петроглифтер анықталды. Ескерткіштердің орналасу
топографиясын ескере отырып, ежелгі қорымдар уақытша су арналарының төменгі бөліктерінде
орналасқандығын байқаймыз. Соның ішінде қола дәуірінің ескерткіштері негізінен ерте немесе
кейінгі кезеңдердің жерлеу ескерткіштерінің маңында орналасқандығын байқауға болады.
Қоныстардың орналасу ерекшеліктеріне келер болсақ, тау жоталарының жазық жерлерінде
кездеседі. Ескерткіштердің арасында ерте темір және кейінгі уақытпен мерзімделетін Дуаналы
қонысын жатқызуға болады. Барлау барысында Зайсан ауданына қарасты Жіңішкесу ауылының
маңынан ортағасырлық қалашық типіндегі қоныс анықталды. Жинақталған қыштан жасалған
көтерме материалдардың сараптамасы негізінде ескерткіш VII–IX ғғ. мерзімделеді.

Автор өмірбаяндары

  • G. Omarov, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    к.и.н., доцент

  • B. Besetayev, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    магистр археологии и этнологии

  • S. Sagyndykova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    магистр гуманитарных наук

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы