Көшпелі қоғамдағы империялық дәстүрлер және символдар: заманауи парадигмалар мен тұжырымдары

Авторлар

DOI:

10.26577/JH.2020.v96.i1.14

Аңдатпа

Мақалада көшпелі қоғамдағы империялық символдар және дәстүрлер секілді саяси құбылыстар
туралы концептуалды тұжырымдар мен парадигмалар қарастырылады. Көшпелі құрылымдармен
байланысты нақты-тарихи оқиғалар мен үдерістерді зерделеу методологиялық
мәселелерді алға қойып, сараптаудың негіздерін қалайды. Моңғол империясының саяси-басқару
және жүйелілік-құрылымдық моделін қайта құрастыру жалпы үрдістер мен бағыттарды тереңдеп
түсінуге және көшпелі қоғамдардың саяси және әлеуметтік жүйелерінің өзара байланысы мен
өзара іс-әрекеттері мәселелері бойынша тарихи білімнің заманауи қозғалысын зерделеуге
жәрдемдеседі. Қазіргі тарих ғылымының мақсаты көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы мен
қоғамдық ұйымдастырылуын, империя құрылуының айшықты алғышарттарын, әлеуметтік-саяси
және әкімшілік-басқару жағдайын жүйелі сараптау болып табылады. Көшпелі қоғамдардағы
саяси үдерістердің ұтқырлығы мен айнымалылығын туындатқан және мұндай түбегейлі жүйені
толықтай трансформацияға алып келген болатын.

Автор өмірбаяны

  • Z. Maidanali, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Ph.D., Associate Professor

Жарияланды

2020-03-27

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы