Архив саласын ақпараттандырудың шетелдік тәжірибесі
DOI:
10.26577/JH.2020.v96.i1.12Аңдатпа
Архив мекемелерін ақпараттандыру – Қазақстандағы архив ісін дамытудың басым бағыттарының
бірі. Бұл үрдістің маңызды проблемалары – архив саласына ақпараттық технологияларды
енгізу, ғылыми-анықтамалық аппараттарды автоматтандыру, ақпаратқа ашық қол жетімділік
және электронды құжаттардың архивін құру. Ақпараттандыру саласындағы шетелдік тәжірибені
зерттеу, отандық архив саласын дамытудың ең тиімді әдістері мен тәсілдерін анықтауда оң
нәтиже бере алады. Қазіргі уақытта әлемнің көптеген архивтері пайдаланушыларға архив
құжаттарын электронды түрде ұсынады. Шетелде осы салада белгілі бір тәжірибе жинақталған.
Архив саласын ақпараттандыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген жақын және алыс
шетелдердің тәжірибесі, соның ішінде Беларусь Республикасы, Қытай және Корея тәжірибелері
үлкен қызығушылық тудырады, ол әлемдік ауқымда ақпараттандырудың жалпы көрінісін түсінуге
мүмкіндік береді.








