Ерте қола дәуіріндегі керамикадағы ою-өрнектердің Нахчыванда таралу аймағы
DOI:
10.26577/JH.2020.v96.i1.06Аңдатпа
Нахчыван автономиялық республикасының ежелгі және бай тарихы бар. Біздің ескерткіштерімізден
табылған әрбір археологиялық материалдар ежелгі тарихымызды, материалдық және
рухани мәдениетті зерттеуде маңызды. Оларды зерттей отырып, маңызды ғылыми нәтижелер
алуға, тарихымызды тереңірек зерттеуге болады. Мақалада ерте қола дәуіріндегі керамикадан
табылған ою-өрнектер зерттеледі. Ерте қола дәуірінде ыдыс-аяқтардың кестелеу барысында
свастика, спирал, мүйіз, геометриялық және басқа да ою-өрнектер пайда болды. Бұл ою-өрнектер
құмыра жасаушылардың қолөнерімен және діни-идеологиялық көзқарастарымен байланысты
болды. Кейбір ою-өрнектер кең таралған және терең семантикаға ие.








