Семейліктердің Ұлы отан соғысындағы ерен еңбектері
Аңдатпа
Бұл мақалада адамзат тарихында ойып алар орны бар Ұлы отан соғысы жылдары мен соғыста жан кешкен семейліктердің ерлігі жай- лы жазылған. Сонымен қатар, отан соғысында семейлік жауынгер- лердің соғыстың алғашқы күндерінен-ақ майданға, армия қатарына шақырғандығы, сол майданда алдыңғы шепте жауға қарсы тұрып өз отанын қорғауға ат салысқан жауынгерлердің ерлігі баяндалған. Ав- тор сонымен қатар, Ұлы отан соғысы жылдарында көптеген атқыш- тар дивизиясының құрылғандығы, соның ішіндегі 1941 жылдың кү- зінде Семей қаласында 8-ші атқыштар дивизиясы жасақталғандығы, олардың бөлімшелері жауынгерлік әзірлікпен жаудың шабуылына тосқауыл қойғандығы айтылған. Ұлы отан соғысы жылдарында ірі шайқастарда, ерлік пен батылдығы үшін семейлік – жауынгерге Со- вет Одағының батыры атағы берілген, 3 дәрежелі Данқ орденімен, Қызыл Ту орденімен наградталғандығы туралы ой түйінделген.








