Алаш қозғалысының қызметінде ұлттық мемлекеттілік идеясының қалыптасуы
Аңдатпа
Берілген мақалада ХХ ғасырдың басында патша өкіметіне қарсы оппозицияда болған саяси партиялардың бағдарламалары, іс әрекет- тері, жолдары, өздерінің көздеген мүдделері, зиялы қауым өкілде- ріне тән өркениеттік деңгейдегі мәдениеттері қарастырылып, Алаш қозғалысының қызметінде ұлттық мемлекеттілік идеясының қалып- тасуына шолу жасалады. Зерттеудің негізгі мақсаты ұлт зиялы қауымы өкілдерінің ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру мәселесіндегі қыз- меті және ұлттық идеологияны қайта жаңғыртудағы іс-әрекеттеріне талдау жүргізу. ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары қазақтың ұлт- тық идеясын қалыптастыру міндетін өз мойнына алып, ұлттық бірігу мүддесін ұсынуы мақалады жалпы қарастырылады.








