«Қырғыздардың (қазақтардың) жер пайдалану материалдары...» – қазақ шаруашылығының шаруашылық-экономикалық тарихының дерек көзі

Авторлар

  • Zh. E. Zhappasov
  • N. A. Tasylova

Аңдатпа

Бұл мақалада «Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану ма- териалдары...» Қазақстан тарихының маңызды дереккөзі ретінде қа- растырылады. Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану мате- риалдары...» статистикалық мәліметтерден жинақталған 27 томнан тұрады, ол қазақ халқының этникалық тарихын, дәстүрлі шаруашы- лығының ерекшеліктерін зерттеудің маңызды дереккөзі болып табы- лады. Деректерде жинақталған ақпараттар уникалды. Ең алдымен маңызды фактілердің, тарих, этнография, география, топонимика, демография және т.б. мәселелерге қатысты құнды мәліметтердің бір деректе шоғырлануы. Сондықтан да бүгінгі таңда бұл деректі дерек- танулық талдау мәселесіне деген қызығушылық артып отыр. Онда қазақ тарихының маңызды дереккөзі болып табылатын «Қырғыздар- дың жер пайдалану материалдарын...» зерттеу мен талдау методи- калары мен тәсілдері көрсетіліп, деректану ғылымының талаптарына сай зерттеу мен сынын өткізудің, сыныптау мен талдаудың әдістері мен оны нақты тарихи зерттеулерде пайдалану тәсілдері ұсынылған. Сонымен қатар статистикалық зерттеулерді ұйымдастырған, деректі құрастырған авторлар, олардың көзқарастары талданған.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-01-01

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы