Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңестік соғыс тұтқындары мәселесі және қазақтардың тарихнамасы мен деректері
Аңдатпа
Мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңестік соғыс тұт- қындары мәселесі қазақстандық және шетел деректері мен тарихна- масында көрініс табады. (қазақтардың мысалында). Қазақстан, Ресей және Белоруссияда соғыс тұтқындарына арналған еңбектер, соның ішінде тарихнамалық зерттеулер күшейтілді. Кеңестік соғыс тұтқында- ры мәселесі әлі күнге дейін адамзат санасында тиым салған және тек қана сыни көзбен қарау, айып тағу сияқты түсініктермен қалып қойған. Дегенмен соңғы кездері оңды қозғалыстар байқалуда. Мысалы, із-түс- сіз жоғалған жауынгерлердің туыстары оларды іздестіруде. Аталмыш мәселе мемлекеттік дәрежеге дейін жетті. Ресей мұрағаттары ақпарат- тық базаларды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жіберуде. Іздестіру топтары шайқас болған жерлерді зерттеп, табыл- ған деректердің негізінде ғылыми мақалалар мен кітаптар жариялауда. 2015 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Кеңес халқының Ұлы жеңісіне 70 жыл толды. Бұл соғысқа қазақтардың қатысқандығы әлі күнге дейін толық зерттелмеді. Жалпы, қазақтардың екінші дүниежү- зілік соғыс фронттарында соғысқандары қазіргі таңдағы қазақтардың тарих беттеріндегі үлкен ерлігі болып табылады.








