Оғыздардың территориялық орналасуы мен қалалары
Аңдатпа
Қазақ халқы тарихында ғана емес, көптеген түркі халықтары- ның тарихында оғыздардың алар орны ерекше. Олардың байланысы тек этникалық жағынан емес, сондай-ақ территориялық жағынан да қиысады. Осыған байланысты мақалада оғыздардың орналасу тер- риториясы, шекаралық аумағы, сонымен бірге Оғыз мемлекетінің қалалары сөз болады. Оның ішінде астанасы саналатын Жаңакент, Жент және Сыр бойында орналасқан көптеген маңызы зор қалалар сөз болады. Сонымен қатар, әлі күнге дейін сыры ашылмай келе жат- қан Құмиян қаласының оғыздарға қатысы бар екені жөнінде де пікір- лер айтылады. Автор оғыздардың Қазақстан территориясында мекен ете отырып, кейінгі қазақ халқының, Қазақ хандығының қалыпта- суында өзіндік із қалдырғанына жоғарыда аталып өткен қалалары да айғақ бола алатынына тоқталады.








