Көшпелі мемлекеттіліктің сабақтастығының теориялық және методологиялық мәселелері

Авторлар

DOI:

10.26577/JH-2019-4-h16

Аңдатпа

Мақалада Дешті Қыпшақ аумағындағы мемлекеттердің мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығының теориялық-методологиялық мәселелері қарастырылған. Көшпелі далада құрылған саяси бірлестіктерге даму тұрғысынан әртүрлі деңгейдегі мемлекеттіліктің формасы тән болды және олар өз бойында ең алдымен тарихи сабақтастық элементтерін алып жүрді. Басқаша айтқанда, бұл жерде орын алған мемлекеттік ұйымдастыру және басқару әдістері көбінесе олардың жақын немесе алыс ізашарларынан мұра болып қалғаны белгілі. Осыны ескере отырып көшпелі мемлекеттілікте сабақтастықтың маңызды рөлі туралы айтқан жөн. Тарихи білімнің қазіргі заманғы қозғалысы Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығының саяси және идеологиялық мұрагері, түркі мемлекеттік дәстүрлерінің тікелей жалғастырушысы болған Қазақ хандығының мемлекеттілік институттарының сабақтастық процесін одан әрі тереңдей түсінуді қажет етеді. 

Жарияланды

2019-12-21

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы