Орыс зерттеушілерінің картографиялық еңбектері Қазақстан топонимикасының дерек көзі ретінде ( XVIII-XIX ғғ.)
DOI:
10.26577/JH-2019-4-h14Аңдатпа
Ресей империясының құрамына енген территориялардың топонимикалық жағдайын зерттеуге орыс ғалымдары үлкен үлес қосты. Оның ішінде қазіргі Қазақстан болды. Сондай-ақ Ресей империясының зерттеушілері құрастырған картографиялық материалдар мемлекеттердің территориясын игеруде құндылығы жоғары. Мақала авторы зерттеу жұмысының принциптерін басшылыққа ала отырып, Қазақстан топонимикасын зерттеуді қажет ететіндігі туралы қорытынды шығарады. Картографиялық мәліметтерді пайдалану қазіргі Қазақстан территориясында XVIII-XIX ғасырларда қалыптасқан губернаторлықтардың топонимикасын түбегейлі зерттеуге мүмкіндік берді. Топонимикалық деректер халық және оның тілі туралы бар мәліметтерге байланысты халықтардың бұрынғы қоныстандыру аумағын анықтау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Аралас халықтың аймақтарында, топонимдер бойынша, ареал нақты емес. Топонимиканы қолдану мүмкіндігі ареалы реконструкцияланатын этнос тілі белгілі болған кезде нақтыланады. Қазіргі Қазақстан аумағы туралы орыс ғалымдарының топономикалық жұмыстарын зерттеу жердің этникалық тиістілігін, шекараларды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық кеңістікте өзара тиімді экономикалық және мәдени ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік береді. Сол кездегі ғалымдардың картографиялық зерттеулерінің арқасында қазіргі Қазақстан аумағы өзінің тарихи тұтастығын сақтап қалды.








