19 ғасырдағы Қазақ дворяндығының эволюциясы
DOI:
10.26577/JH-2019-4-h4Аңдатпа
Шет аймақтардың империялық билік аясына өту мен империя үлгісіне сай өзгерудің
ерекшеліктерін анықтауда аймақтық өзгешеліктер шешуші рөл атқарды. Бұл үрдісте алуан
түрлі қоғамдардың империяның саяси әлеуметтік жүйесіне бейімделу тәсілдері, яғни олардың
ортақ империя үлгісіндегі жүйеге енудегі жеке жолдарын жасауы маңызды орын алды. Басқа
да көптеген жағдайлар сияқты, қазақ көшпелі қоғамының да Ресей империясы жүйесіне енуі
мен бейімделуінде индивидуалды жолы болды. 19 ғасырдағы Қазақ даласындағы аймақтық
саяси өзгерістер бүгінгі таңға дейін тарих ғылымында жеке зерттеу объектісі болғанымен, бұл
территориядағы әлеуметтік трансформация үрдісі әлі зерттелмеген. Берілген мақала тарих
ғылымындағы осы мәселені толықтыруға арналады. Бұл мақала қазақ көшпелі қоғамының
белгілі бөлігінің империя жүйесіне сай әлеуметтік өзгерістерге ұшырау кезеңін, атап айтқанда
19 ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік өзгерістерді зерттейді. Мақалада тарихи жабық
сипатта болған қазақ элитасы императорлық сословие жүйесінің ерекшеліктерін сіңіргенін,
сонымен қатар қазақ қоғамының барлық мүшелеріне ашық бола бастаған үрдісі зерттеледі.
Зерттеу жұмысы қазақ көшпелі қоғамындағы қара халықтың империяның артықшылыққа ие
сословиелеріне – ата тегінен бергі дворяндық және құрметті азаматтар құрамына енуі қазақ
дворяндығы эволюциясының дәлелі болып табылатыны тұжырымдалған. Зерттеу жұмысы жаңа
империология, әлеуметтік тарих сияқты тарихи ұстанымдарға негізделген.








