ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Германиядағы түрік диаспорасы және миграциялық үрдіс
Аңдатпа
Мақалада ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Германиядағы түрік диаспорасының миграциялық үрдісі баяндалады. Зерттеудің негізгі нысаны – неміс қоғамындағы түріктер, миграциялық үрдіс, сондай-ақ, Германияның саяси экономикалық жағдайы. Мақалада 1961 жылдың 30 қазанындағы Германия Федеративті Республикасы мен Түркия арасындағы «жұмысшы мигранттар» жөніндегі келісім-шарттың қабылдануы, Түркиядан уақытша жұмысшыларды тартудың негізгі мақсаты, себебі, оқиға барысы және түрік азаматтарының неміс қоғамына әлеуметтік, мәдени, саяси-экономикалық тұрғыдан сіңісуі көрсетіледі. Сонымен қатар, осы тақырыпты зерттеген ғалымдардың пікірі баяндалады.








