Қазақстанның ежелгі тайпалары мен қазақ халқының әдет-ғұрып және салт-дәстүрінің өзара сабақтастығы
Аңдатпа
Қазақ халқы Қазақстан жерінде және жалпы Орталық Азияда б.д.д. І мыңжылдықта мекендеген ежелгі сақ, ғұн, үйсін тайпаларының тікелей ұрпағы және мұрагері. Сондықтан да сол тайпалардан қалған салт-дәстүрлердің, дүниетанымның қазақ халқының бойында сақталуы, олардың арасындағы этникалық сабақтастықтың еш үзілмегенін көрсетеді.
«Тарихтың атасы» аталып кеткен Геродоттың «Тарих» атты тоғыз кітаптан тұратын еңбегінде сақтардың тарихы мен дәстүрлері, наным-сенімдері мен дүниетанымдық құндылықтары жайлы көптеген мәліметтер келтірілген. Сақтардың бұл дәстүрлері қазақ халқында бүгінгі күнге дейінсақталған.
Сақ заманынан қазақ халқына жеткен, халықты айрандай ұйытып отырған ғұрыптың бірі – бата беру, дұға оқу. Есік қорғанынан табылған 26 әріптен тұратын жазуы бар күміс тостаған соның дәлелі.








