Х.А. Алпысбаевтың ізденістеріндегі Қазақстанның тас ғасыры
Аңдатпа
Қазақстанның тас ғасырының алғашқы тұрақтары 1950 жылдары Қаратау аймағында геологтардың ізденістерінің нәтижесінде кездейсоқ табылған болатын. Осы зерттеулердің нәтижесінде 1957 жылдан бастап ҚазКСР ҒА Ш.Ш. Уәлихнов атындағы тарих, археология және этнография институты өз алдына Кіші, Үлкен Қаратау жотасын зерттеу мақсатында тас ғасыры отрядын құрады. Осы отрядқа тас ғасырының көрнекті маманы Х.А. Алпысбаев басшылық жасаған еді. Жоғарыда аталған отрядтың ғылыми зерттеу-жұмыстарының негізінде Қазақстаның тас ғасырының алғашқы жаңалықтары ашылған болатын.








