Қазақ жерлеу салтындағы аза тұту күндері – үші, жетісі, қырқы, (жүзі), жылы (дүниетанымдық мәні, шығу тегі)
Аңдатпа
Мақалада қазақтың өлген адамның артын күтудегі «жетісін», «қырқын», «жылын» өткізудің ішкі мән-мағынасы, шығу тегі қарастырылады. Автордың пайымдауынша, қазақ дүниетанымындағы дүниеге келген балаға байланысты жасалатын ғұрыптар мен дүниеден өткен адамға байланысты жасалатын ғұрыптардың арасында, тіпті оларды өткізу мерзімдерінде де тығыз байланыс бар. Қазақтың өлген адамның жыл уағына дейінгі өткізетін ғұрыптары мәйітті «о дүниеге» аттандыру салт-жоралары болып есептеледі.








