Моңғол шапқыншылығынан кейінгі түркі тайпаларының этносаяси одағының қалыптасуы
Аңдатпа
Бұл мақалада моңғол шапқыншылығынан кейінгі түркі тайпала
рының этникалық топ ретінде қалыптасуы жайында баяндалады. Ма
қалада алып түркі өркениетіне кірген әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың
бірбірімен ассимиляциясы мен интеграциясы (ынтымақтастығы) жа
йында сөз қозғалады. Моңғолдардың көп бөлігі шапқыншылықтан
кейін Орта Азия тайпаларымен араласып, өз тілдерін ұмытып, мұсыл
манданды.
Мақалада сондайақ, жаңа жерлерді игеріп, жаулап алу проце
сі негізінде жаңа тайпалардың бірігуі және олардың жаңа жерлерге
қоныстануы Ұлы Даланың саяси шекарасын кеңейтті. Жауланған жер
лерге Шыңғысхан ұрпақтары ұлыстарға бөліп басқаруы түркі этноге
незі үшін жаңа кезең, яғни қазіргі түркі халы








