Ежелгі сақтардың этникалық тарихы жайында
Аңдатпа
Түркі халықтарының этникалық тарихын зерттегенде әлі күнге дейіншешімін таппай отырған мәселелердің қатарына сақтардың этникалық негізі, яғни шығу тегі мәселесі жатады. Орталық Еуразияның этникалық тарихын зерттеуші көпшілік ғалымдардың көрсетуі бойынша аймақтағы ең ерте, яғни қола дәуірінде өмір сүрген этникалық бірлестіктер үндіеуропалықтар болған. Қазіргі лингвистикалық зерттеулер де Орталық Азияның ең ежелгі халқы – сақтардың үндіеуропалық тіл тобына жататындығын көрсетуде. Бұл мәселе арийлер мәселесімен тығыз байланысты болғандықтан біржолата тығырыққа тіреліп отыр. Ғылымда әлі күнге дейінүстем болып отырған еуропацентристік бағыт өкілдері арийлер тек еуропалық нәсіл болуы тиіс деп басыбүтін шешіп қойғандықтан, ғылымдағы басқа көзқарастардың ешқайсысы мойындалмай отыр. Алайда, еуропацентризмнің ғылымдағы осы диктатына қарамастан соңғы жылдары түркітанушылар арсында, арийлер мәселесіне қатысты және сақтардың түркілік тегін негіздейтін зерттеулер пайда бола бастады. Мақалада осы мәселе деректер мен арнайы зерттеулер негізінде қарастырылады.








