Қазіргі замандағы батыстық тарихнамадығы «кеңестік әйел» бейнесінің қалыптасуына қатысты зерттеулер
Аңдатпа
Бүгінгі қоғамдағы әйелдің орнын анықтауда өткенге оралмай түсіну мүмкін емес. ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік өзгерістер бүгінгі әйелбейнесінің қалыптасуына өзінің ықпалын тигізгенін атап өту қажет. Бүгінгі қоғамның жаңа моделінде «кеңестік әйел» бейнесі көрініс табуына қатысты зерттеушілердің пікірі талданады. Тарихи кезеңдердегі өзгерістердің қоғамның әйелге қатысты түсініктерін туындатады. Кеңестік биліктің әйелге қатысты алғашқы декреттерінің тарихи маңызы ерекше болған. 1918 жылғы Конституция ер мен әйел теңдігін бекітті. Кеңестік идеологтар әйел бейнесін – өжет, сенімді, белсенді және қатты мінезді қасиеттері арқылы дәріптеді. Мақалада әлеуметтік-экономикалық және саяси кеңістіктегі әйелдің жаңа партиялық идеяға сүйеніп, моральдік трансформациясынбатыстық зерттеушілердің еңбектері арқылы талдаудан өткізіледі. Зерттеушілер кеңестік әйелбейнесі: әйел-еңбекші, әйел-қорғаушы, әйел-қайраткер, т.б.








