XX ғасыр басындағы пролетарлық феминизмнің бастаулары батыстық зерттеулерде
Аңдатпа
Мақалада батыстық тарихнамадағы кеңестік әйел бейнесінің сталинизмнің алғашқы кезеңдегі қалыптасуына талдау жасалынған (1920-1930 жж.). Зерттеушілер феминизмнің Сен-Симона, Фурье, Оуэн әлеуметтік утопиясынан бастау алып, Фридрих Энгельстің идеясына ұласып, кеңестік феминизм идеясын жалғасқандығына ерекше тоқталған. ХХ ғасыр басындағы қоғамдағы әйел теңдігі саяси, әлеуметтік және экономикалық теңдікке ұмтылуға қатысты өрістуінатап өтуге болады. Бұл мәселе әйелдің білім алу және беру, қызметтік баспалдақтағы орнын айшықтауға қатысты туындаған еді. Зерттеушілер қоғамдағы кеңестік инженерлік өзгерістердің жаңа әйел бейнесін қалыптастыруда астыртын қарсы тұру үдерісінің болуын баса назарға алады. Кеңестік жүйенің осы кезеңдегі қоғам санасын әйел бейнесі арқылы өзгертуге ұмтылуының саяси модернизацияға апаратын жол ретінде қарастырылады.








