Киев Русінің көшпелілер әлемімен байланыстары туралы

Авторлар

  • M. Nogaybaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада Киев Русі мен көшпелілер әлемінің байланыстары туралы зерттеулер талданған. Орта ғасырлардағы көшпелі түркі халықтары да өз заманындағы алдыңғы қатарлы өркениеттерден оқшауланып өмір сүрмегені белгілі. Көрші халықтармен бірде жауласа, бірде бейбіт қатар өмір сүре отырып, өзара байланыстар арнасына түскен. Бұл байланыстардың сипаты әрқырлы болды.
XVІІІ ғасырдың екінші жартысынан осы мәселені алғаш көтерген авторлар көшпелілердің шапқыншылықтарына, оның Руске тигізген аса ауыр қасіреттері туралы жазды. Осыдан келіп басты назар Русь пен көшпелілер арасындағы мәңгілік күрес пен Рустің Еуропаны құтқарып қалушы рөлі туралы мәселеге аударылды. Автор тарихнамада қалыптасқан пікірлерді талдай отырып, көшпелілер өркениетін зерттеудің жаңа бағытқа көтерілуі тиістігін атап өтеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-14

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы