Құжаттану және арнайы тарихи пәндер
Аңдатпа
Мақалада құжаттану ғылыми пәнінің қалыптасуы және дамуы та
рихы баяндалады. Құжаттану сөзінің тұңғыш рет қолданылуы қарас
тырылған. Құжаттарды дайындау және ресімдеу талаптарының, заң
намалық, құқықтық негіздерінің пайда болуы туралы айтылған. XVIII
ғасырдағы Н. Кургановтің письмовниктері, И. Сокольскийдің «Ка
бинеттік және көпестік хатшы» жинағының маңызы көрсетілген. Құ
жаттармен жұмыс жасаудың және рационализациялаудың кеңестік
тәжірибесі, соның ішінде Басқару техникасы институтының, іс жүр
гізудің Бірыңғай мемлекеттік жүйесінің рөлі анықталған. Ең бастысы
құжаттанудың нысаны мен пәні, пәнаралық синтезі, құжаттың функ
циясын тарихи дерек ретінде зерттейтін арнайы тарихи пәндердің
тұтастай циклі: тарихпен, мемлекеттік мекемелер тарихымен, пале
ографиямен, сфрагистикамен, геральдикамен, хронологиямен, мет
рологиямен, дипломатикамен, деректанумен байланыстары ашылған.








