Әлем тарихындағы Халықтардың Ұлы Қоныс аудару процесінің маңызы мен барысы

Авторлар

  • T. Muhazhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • M. Tuktibaeva

Аңдатпа

Мақалада біріншіден, Халықтардың Ұлы Қоныс аудару процесінің әлем тарихындағы маңыздылығы; екіншіден, ғұндардың Батыс Еуропаға жылжу барысында халықтардың географиялық орналасуы өзгеріп, этникалық тарихына да өз әсерін тигізуі; үшіншіден, ғұн патшасы Аттиланың жүргізген ішкі және сыртқы саясаттары, әсіресе Рим империясымен дипломатиялық қатынастары; төртіншіден, Халықтардың Ұлы Қоныс аудару процесінің барысында Батыс пен Шығыс әлемінің арасында саяси – географиялық, этнографиялық және мәдени симбиоздың болуы үлкен өзгерістерге алып келгендігі қарастырылды. Сонымен қатар Батыс Еуропалық хронистердің жазба деректері мен археологиялық мәліметтеріне салыстырмалы түрде талдаулар жүргізілді, әсіресе Приск, Иордан, Марцеллин басқа да жылнамашылардың еңбектері басты назарға алынды.
Бір сөзбен айтқанда, Батыс ғұн империясының жалпы Еуропаны
Рим үстемдігінен азат етуші, фармациялық кезеңдегі құлиеленушілердің орнына жаңа феодалдық қатынастардың қалыптасып, дамуына себепкер болғанына ғылыми ізденістер жасалынды.

Жарияланды

2019-12-13

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы