Қазақтардың бір бөлігінің Моңғолияға қоныстану тарихынан (ХІХ ғ.70 ж. – ХХ ғ. 20 ж.)
Аңдатпа
Мақалада қазақтардың бір бөлігінің Моңғолияға қоныстану тарихы қарастырылған. Қытайдың батыс бөлігін мекендеген қазақтардың бір бөлігі XIX ғ.ІІ-ші жартысында қазіргі моңғол жеріне немесе қазақтардың өздерінің атауы бойынша Қобда бетіне қоныстанды. Қоныстану себептерін анықтау үшін, Моңғолиядағы қазақтардың арасынан шыққан ғалымдар 1960 жылдардан бастап зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде қазақтардың бір бөлігінің моңғол жерін XIX ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғы мен жетпісінші жылдардың басында мекен еткендігі дәлелденіп отыр. Қазақтардың моңғол жеріне көшіп келуі жергілікті халықтардың да мүддесіне сай келмеді. Қазақтардың, жергілікті халықтардың мал жайылымына ортақ болғаны олардың наразылығын тудырды. Цин империясы мен жергілікті әкімдері қазақтарды моңғол жеріне көшірмеу,көшкендерін кері қайтаруға әрекеттер жасады. Қобда бетін мекендеген қазақтардан урянхайлардың үстем тап өкілдері жайылым жерді пайдаланғаны үшін ақы төледі. Моңғол Халық революциясы жеңген соң, 1923 жылғы жүргізілген санақ бойынша қазақтардын отбасы саны 1870 болғандығы туралы зерттеулерге талдау жасалған. ХІХ ғ. 60-70-ші ж. басында Алтай өлкесінен моңғол жеріне көшкен қазақтардың жекелеген рулары Моңғолиядағы қазақ диаспорасын құрды.








