Қазақ даласын зерттеу бойынша І Академиялық экспедиция

Авторлар

  • О. Mukhatova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада қазақ даласын зерттеу бойынша І Академиялық экспедицияның тарихы баяндалады. Сонымен қатар экспедиция қорытындысында дайындалған еңбектерге тарихнамалық шолу жасалады. Қазақ даласын зерттеудің мақсаты және басты ұстанымдары көрсетіледі. Қазақ жүздерінің аумағына жіберілген патша өкіметінің бірінші академиялық экспедициясының ұйымдастырылуы қарастырылады. Экспедицияның жүріп өткен жолдары, мерзімі ашып көрсетіледі. Экспедицияның күнделіктері және жолжазбалары туралы да баян етіледі. Қазақ-жоңғар-орыс қатынастарындағы Карл Миллердің миссиясы ашып көрсетіледі. Г.Ф Миллердің «История Сибири» атты еңбегіне сипаттама жасалып, оның маңызы анықталады. «Миллер портфельдерінің» мазмұны сипатталады. Қазақ өлкесін зерттеудегі И.К.Кириловтың рөлі және оның сызған көптеген карталарының, жазған еңбектерінің Ресей империясы үшін маңызы айқындалады. И.К.Кириловтың «Орынбор» экспедициясын басқаруы және патшалық биліктің отарлау саясатына қажетті материалдарды жинақтауы жөнінде де мәліметтер беріледі.Оның «Цветущее состояние Всероссийского государства» атты еңбегін дайындауы туралы да сөз болады.

Жарияланды

2019-12-13

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы