Ұлыбритания мен Үндістан қарым-қатынасына колониалды/империалды кезеңнің ықпалы: мәселенің тарихнамасы
Аңдатпа
Бұл мақала Ұлыбритания мен Үндістанның колониалды/империалды кезеңдегі қарым-қатынасы мәселесінің тарихнамасын зерттеуге арналады. Жаһандану кезеңіндегі геосаяси өзгерістерге байланысты Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың жаңа сипатта қалыптасуының тарихи тәжірибесі қазіргі таңдағы өзекті мәселеге айналып отыр. Аталмыш мәселені зерттеу үшін мақала авторлары кеңестік, британдық, үнді және қазақстандық тарихнамаға аталмыш мәселені зерттеу барысында қандай теориялардың және қандай позицияда пайдаланылғандығын көрсететін салыстырмалы талдау жасайды.








