Еуразия көшпелілерінің әскери өнері мен көшпелі мәдениеті туралы қазіргі ресей тарихнамасы
Аңдатпа
Мақалада Еуразия көшпелілерінің әскери өнері мен көшпелі мәдениеті туралы ресей тарихнамашыларының еңбектері баяндалады. Қазіргі таңда ресей тарихнамасында көшпелілір туралы дәстүрлі түсініктен алшақтау орын алды. Көшпелі халықтарды әлемдік өркениеттің елшісі ретінде қарастыру қалыптасты. Ресей тарихшылары С.Г. Кляшторный, Н.Н. Крадина, қытай дерекөздерінің маманы Е.И. Кычановтың және т.б зерттеушілердің еңбектері көшпелі халықтар тарихының тарихнамасына үлкен үлес қосты. Бұл еңбектерде көшпелі өркениеттің материалды және рухани мәдениеттің дамуына, қазіргі таңда адамзат пайдаланып жүрген жаңа технологиялар мен байланыс құралдарының дамуына қосқан үлкен үлесін көрсетіледі.








