Қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулардың әскери қызметі

Авторлар

  • S. Smagulov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулардың қазақ халқының әскери ісі мен өнерін дамытудағы үлесі мен әскери қызметі олардың шығармаларына тарихи дерек ретінде арқа сүйей отырып қарастырылған. Әскери сословиенің өкілі болып, өздері әскери кәсіппен айналысып, бұл кәсіптің ерекшелігін, кәсіби тілін жақсы білгендіктен жыраулар поэзиясы әскери өнердің, қару қолдану әдістерін, қару-жарақтың түрлерін, оның атауларын, кәсіби терминдерін, әскерилердің салт-дәстүрлерін зерттеуде бірден-бір дерек көзі, өте бай қайнар бұлақ көзі деуге болады. Жыраулар тудырған жырлар, батырлық эпостар да – осы әскерилер қоғамдық жігімен байланысты өнер. Қазақ хандығы дәуірі – айрықша қаһармандық дәуір, батырлар заманы. Жырау – қаһармандық эпосты туғызушы, батырлар бейнесін сомдаушы ғана емес, қолбасшы батыр. Бұл дәуірде ақын-жыраулар батырлық тақырыбын кең көлемде жырлап, жауынгер-жасақтардың жауынгерлік рухын көтеруде зор рөл атқарды. Олар сол уақыттың алыптары туралы жырлап, замандас батырларының даңқын аспандатып қана қоймай, өздері де жауға қарсы әскери жорықтарға қатысып, жауынгер-жыраулар болды және де әскербасы, қолбасшылық қызмет те атқарды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-13

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы