Қазақ хандығының 550 жылдығы: ғылыми нәтижелер туралы

Авторлар

  • B. Karibayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Автор бұл мақаласында 2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне байланысты жүзеге асырылған ғылыми іс-шаралардың бірі – Қазақ хандығының тарихына қатысты ғылыми, ғылыми-көпшілік еңбектерге қысқаша талдау жасайды. Өз талдауында автор мәселеге қатысты жарық көрген туындыларды үш топқа бөліп қарастырады. Бірінші топқа – Қазақ хандығының тарихына қатысты деректер мен деректанулық еңбектерді, екінші топқа – қазақ хандары мен сұлтандарына арналған ғылыми және ғылыми-көпшілік туындыларды, ал үшінші топқа – хандықтың әрбір тарихи кезеңдердегі тарихына арналған монографиялық жұмыстарды жатқызады. Сондай-ақ автор әр бағыттағы еңбектерге қысқаша талдаулар жасап, олардың маңызы мен өзіндік ерекшеліктерін атап өтеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-13

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы