Музей ісінде қор өңдеу бағдарламаларын игерудің маңызы

Авторлар

  • T Kartaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • G. Shauharova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада шетел музейлеріндегі қор өңдеу бағдарламаларының дамуы мен музей ісіне енгізілу тәжірибелері, сондай-ақ цифрлы өңделген қорды қалыптастыру, отандық музейлер желісіне Музеолог бағдарламасының енгізілу мәселелері қарастырылады. Цифрлы өңделген мұралар жүйесі – мәдени мұраны сақтау жолдарының бір түрі, бұл бағытты ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 32-сессиясында «Цифрлы мұраны сақтау туралы Хартия» негізінде бекіткен. Цифрлы мұралар жүйесі музей қорының электронды ресурстар базасы бола отырып, өзіне дыбыстық түсіндірмелер, затты қозғалмалы, жан-жақты, барлық қырынан көрсете алатын функцияларға ие, әрі бағдарламалық қамтулар мен веб-парақтардан тұрады. Музеолог бағдарламасы Орталық Азия музейлеріне музейлік қор базасы ретінде енгізілген. Бағдарламаны енгізудегі негізгі мақсат мәдени және тұрмыстық мұраларды сақтау, ақпараттандыру, каталогтау, музей құндылықтарын әлемдік деңгейде насихаттау жолдарын жетілдіру болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы