Сырдария өзені бойындағы ортағасырлық қалалар – отырықшылық мәдениеттің орталықтары

Авторлар

  • A. Akhantaeva ҚазҰАУ

Аңдатпа

Бұл мақалада Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы ежелгi дәуiр мен орта ғасырлар кезеңінде өмір сүрген қалалар және қала мәдениеті туралы айтылады. Ежелгі және орта ғасыр кезеңінің қалаларының: біріншіден отырықшылық мәдениет орталығы екіншіден, сауда орталығы үшіншіден, әкімшілік орталық қызметін атқарғандығы жайлы дәлелденіп, зерттелді. Мысалы, Сыр бойында оғыз заманында өмiр сүрген атақты қаланың бiрi Жанкент тек қана астана және оғыз әкiмдерiнiң қысқы резиденциясы емес, ол Сырдария сағасындағы iрi сауда орталығы да болған. Сырдария бойымен Орта Азия қалаларынан мұнда Ибн-Хаукальдың куәлігі бойынша, бидай және астық тиелген кемелер келіп тұрған. Сыр өңiрiнiң қалаларына байланысты археологиялық және этнографиялық материалдарды қолдана отырып ежелгi цивилизациямен, егiншiлiк мәдениетiнiң ошағы болғандығы дәлелденді. Сырдария бойындағы оғыз-қыпшақ қалалары: Сауран, Сығанақ, Янгикент, Жент, Узгент, Баршикент т.б. керуен жолдарында орналасып, егiншiлiк пен қала мәдениетiнiң орталықтары болғандығы мен олардың тарихына қысқаша тоқталдық.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы