Түркиядағы қазақ диаспорасының салт-дәстүріндегі ерекшеліктер
Аңдатпа
Түркиядағы қазақ диаспорасының этнографиялық ерекшеліктерін, бөгде ортадағы өзара ықпалдастық үрдісінің этникалық мәдениетке тигізген ықпалын ғылыми талдау, сонымен бірге олардың қазіргі кезеңдегі отбасылық қатынастарындағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің сақталуы мен ерекшеліктерін саралау мақсатын алға қоя отырып мақалада қазақ диаспорасының қазіргі кездегі тарихи-этнографиялық соның ішінде бала туу және тәрбиелеуге байланысты, үйлену салт-дәстүріндегі құдалық, неке заңдылықтары, той өткізу, енші беру сынды әдет-ғұрыптық ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеу этнографиялық жүргізілген экспедиция бойынша бүгінгі күні Түркия Республикасының қазақтар көп қоныстанған Ыстамбұл қаласының Зейтінбұрын және Гүнешлі аудандарында тұрып жатқан қазақ диаспорасымен кездесу барысында алынған естелік-жазбалары, ел аузынан жазылып алынған мәліметтер, Ыстамбұл қаласындағы «Қазақ қоры» мұрағатындағы мәліметтер, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Түркиядан келген оралмандар арасынан алынған мағлұматтар мен статистикалық мәліметтер құрайды. Сондай-ақ, Түркия қазақтарының тарихы жөнінде және осыған дейінгі жазылған еңбектер мен баспасөз бетіндегі мәліметтер негізге алынды.








