Қазақстанда уақытша үкіметтің жүргізген жер саясаты

Авторлар

  • T. Mekebaev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда Уақытша үкіметтің жүргізен жер саясаты мәселесі қарастырылған. Уақытша үкіметтің жер саясаты қазақ даласындағы ұлт-азаттық жолындағы күрес кезеңдерімен тығыз байланысты болды. Жетісудағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістердің кейбір себептері де осы жер мәселесімен байланысты болған. Уақытша үкіметтің жер саясатына зер салуды ұлт зиялыларының өздері бастап берген-ді. Бұл ретте Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың мақалаларын атауға болады. Бұл мақалаларда жер саясаты мәселесінің қазақ елі үшін қоғамдық маңызы ғылыми тұрғыда өз дәрежесінде көтеріліп, терең түсіндірілген еді.
Мақалада тарихи деректер мен құжаттарға сүйене отырып Уақытша үкіметтің Қазақстан территориясында жүргізген жер саясаты жан-жақты сипатталып, талдау жасалған. Сонымен қатар мақалада Уақытша үкіметтің переселен мекемелері жүйесіне қатысты іс-әрекеттері қарастырылған.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы