Материалды емес мәдени мұраны зерттеу мәселелері (Академик Ә.Х. Марғұланның зерттеулері негізінде)
Аңдатпа
XXI ғасырда қоғамда да, жеке адамдар өмірінде де ерекше рөл атқарушы мәдениетке деген, оның ішінде рухани мұраға деген көзқарас жанданып, ерекше сипат алып отыр. Бұл құбылыс халықаралық құжаттар да болсын, көптеген институциялардың іс-тәжірибесінде де, сондай-ақ халықтардың мәдени құндылықтарын сақтаушы музейлерде ерекше көрініс табуда. Себебі, бүгінгі таңда көптеген музейлер тек қана материалды құндылықтар – артефактарды жинап, сақтап, зерттеу емес, сонымен қатар фольклорды, қоршаған орта, ландшафт, өмір сүру тәсілінің элементтері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер тағы басқа факторларды енгізу арқылы өздерінің қызығушылық және зерттеу ауқымын кеңейтіп отыр. Мәдени, ғылыми, ағарту орталығы болып табылатын мәдениеттің қалыптасуы процесінде өз орны бар, отандық музейлердің және басқа да мемлекеттер тәжірибесі дәлелдеп көрсеткендей, бүгінде жалпы музейлердің әлеуметтік ролінің артуы да сондықтан.
Мәдениеттің барлық түрлеріне








