ХХ ғасырдың басындағы Жетісудағы көші-қон жер қорын құру туралы Жер орналастыру және егіншілік жөніндегі бас басқармасының қызметі

Авторлар

  • Ф Н Мийманбаева
  • Д Ж Танзенов

Аңдатпа

Мақалада, 1905 жылы 6 мамырда Сенатқа берген императордың атаулы жарлығы бойынша көші-қон жер қорын құру туралы Жер орналастыру және жер шаруашылығы жөніндегі бас басқармасының қызметі қарастырылады. Жер шаруашылығы және мемлекет мүлкі жөніндегі министрлік өзгерісінен кейін жер орналастыру және жер шаруашылығы жөніндегі бас басқармасына Ішкі істер министрлігі көші-қон басқармасы мен бұратаналардың жер шаруашылығы және жерді басқару басқармасын қосып берді. Басқарма жұмысының бағыты қоныстандыру ісіне, толығымен ауылшаруашылық жерлерін үйлестіру және ауылшаруашылық қызметіне мамандар дайындауға, аталған қызметке несие бөлуге бағытталды. Қайтарымсыз қаражаттар тек ауылшаруашылығының қажеттілігіне емес, сонымен қатар, қоныстандыру аудандарындағы ауылдардың инфрақұрылымдарын дамытуға жұмсалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы