Жеке текті қор құжаттарының ерекшеліктері мен маңыздылығы

Авторлар

  • N. Alpysbaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • G. Kozgambaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада республикаға белгілі қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың жеке қорындағы құжаттарды талдау негізінде автор жеке текті құжаттардың ерекшеліктері мен деректанулық маңыздылығын көрсетеді. Оның қызметі нақты тарихи кезеңмен байланысты себебі, тұлға сол заманда өмір сүрді, белгілі қоғамдық қызмет атқарды, ресми статусқа ие болды. Өзбекәлі Жәнібековтың жеке қор құрамына жеке текті құжаттарды бейнелейтын материалдар кіреді: биографиялық құжаттар, қоғамдық, қызмет бабындағы құжаттар, қолжазбалары, сұхбаттары, естеліктері, хаттары, фотосуреттері. Осы кезеңнің ресми құжаттарына қарағанда бұл құжаттар болған оқиғаларға өзіндік бағасы берілген фактологиялық материалдармен ерекшеленеді. Жеке текті құжаттар тарихи дерек ретінде маңыздылығы нақты өмірдің оқиғалары мен фактілері белгілі адамдардың, яғни куәгерлер немесе сол оқиғаның өзіне қатысқан адамның жеке қабылдауы арқылы бейнеленеді және оның кәсіби, қоғамдық, шығармашылық және басқа мүддесінің сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы