Қазақ мемлекеттілігінің геосаяси қыры
Аңдатпа
Мақала қазақ мемлекеттілігі геосаяси қырының ілімдік-әдіснамалық мәселелерін зерттеуге арналған. Жұмыс авторы мемлекет және мемлекеттілік ұғымдары арақатынасы, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы территориалды-кеңістіктік, табиғи-климаттық факторлардың рөлі мен маңызына баса назар аударады. Қазақстан территориясының оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс межелерінің екі бірдей отырықшы-егіншілік мәдениеттер кеңістігі шекаралығында орналасу ерекшелігі, ежелгі заманнан бастап Ұлы Дала жұртының әртекті мемлекетаралық қатынастар мен өркениеттер орбитасына белсенді түрдетартылуы, таулы, шөлді, орманды ланшафтық аймақтардың қатар қамтылуы, теңіздер мен мұхиттардан алыс орналасуы, оның тек шаруашылық-экономикалық қалыптасу типін ғана анықтаумен шектелмей, сонымен қатар аталмыш аймақтағы мемлекеттілік пішініне де өз әсерін тигізді. Мақала авторының пайымдауынша ұлттық мемлекеттілік ауқымын тек қазақ хандығы (XV–XVIII вв.), шеңберімен шектеу қателік.








