Кәсіпкерлік мәселесінің зерттелуі және деректер (ХІХ-ХХ ғғ.)

Авторлар

  • Z. Abdyrasilova Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Аңдатпа

Мақала Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы мәселесіне қатысты жаңа тұжырымдарды талдау негізінде қазіргі таңдағы кәсіпкерліктің даму жағдайын анықтауға арналған. Автор мақаланың өзектілігін ашып көрсету мақсатында Қазақстанның әсіресе оңтүстік аймағындағы кәсіпкерлік мәселесінің даму тарихына баса назар аударады. Елдің оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің өнеркәсіп, сауда, ауылшаруашылық және халыққа қызмет көрсету салаларында қалыптасып, дамуы мәселелеріне басты назар аудару арқылы автор мақала барысында тақырыпқа тереңнен талдау жасауға тырысқан.
Тақырыптың тарихи тұстарына көбірек мән берілген мақала 1860 жылдардан бергі кезеңді сараптап талдаудан басталады. Кәсіпкерлік мәселесінің кейінгі тарихы революцияға дейінгі кезеңдегі өнеркәсіп жұмысшыларының мәселесін қарастырған С.Қ. Игібаевтың еңбектерін пайдаланумен жалғасады.
Мақаланың негізгі барысы мәселеге қатысты зерттеулер мен деректерді жеке-жеке топтап, талдауға арналған. Соның негізінде мақала тарихнамалық сипатқа көбірек ие болған. Ал тақырыпқа қатысты деректерді автор төрт негізгі топқа бөліп талдап, олардың әрқайсысына ғылыми тұжырым жасауға талпынған.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы