Түрік-татар күрес одағының рапорты
Аңдатпа
Мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Еділ-татар легионының күнделікті тарихына қатысты Түрік-татар күрес одағы штабының бастығы, артиллерия капитаны Вафиннің 1945 жылғы Рапорты және автордың оған жазған алғы сөзі мен түсініктемесі берілген. Рапорт Түркия қазағы Сыдықан Ұлужайдың жеке мұрағатынан табылды. «Халық тарих толқынында» атты Мемлекеттік бағдарлама аясында және Ыстамбұл қаласындағы «Түркі дүниесін зерттеу қорының» (Turk dunyasi aristirmalari vakfi) қолдауымен Ұлт-азаттық қозғалыстар мен Алаш қайраткерлерінің тарихына қатысты маңызды құжаттар табылып, көшірмесі алынды. Рапорт 2,5 беттен тұрады. Рапорт 1928-1939 жылдар аралығында Аяз Исхаки редакциялығынан Берлин қаласында шығып тұрған «Yena Milli Yol» (Жаңа ұлттық жол) журналы тігіндісінен табылған. Құжатта Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Идель-Урал әскери тұтқындар легионындағы күнделікті өмірі көрініс тапқан. Легин атауы Идель-Урал мемлекетін қалыптастыру идеясымен тығыз байланысты, бұл идеяны кейін Татар үкіметі қолдаған.








