Қазақстан Республикасы сыртқы саяси стратегиясының Орталық Азияға қатысты экономикалық және мәдени-гуманитарлық мақсаттары
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастығын қалыптастыру үшін аймақта барлық алғышарттар қалыптасқандығын дәйектеуге талпыныс жасалған. Сонымен қатар мақалада экономикалық ынтымақтастыққа қажетті табиғи ресурстардың мол қоры геосаяси мәселелерді де туғызып отырғандығы, бұл өз кезегінде аймаққа қатысты АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің қызығушылығын күн сайын арттыра түскендігі мәселе ретінде көтерілген. Сондықтан экономиканың бірнеше секторларын: табиғи ресурстарды, оның ішінде дүниежүзілік маңызы бар мұнай мен газ кен орындарын және су-энергетика саласын игеруде, инфрақұрылымдар мен коммуникация жүйелерін пайдалануда бірлесе отырып шешуді қажет ететін ұстанымдар қажеттігі Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдеріне қатысты ұстанған стратегиялық мақсаттарына сай келетіндегі дәлелденген. Осы тұрғыдан алғанда мақалада аймақтағы саяси ынтымақтастықтың маңыздылығын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы сыртқы саяси стратегиясының Орталық Азияға қатысты экономикалық және мәдени-гуманитарлық мақсаттарын іске асырудағы нақты іс-шаралары ғылыми тұрғыдан зерттелген.








