Кеңестік Қазақстан: этникалық қақтығыстар мәселесі

Авторлар

  • G. Dadabayeva Университет КИМЭП
  • D. Sharipova

Аңдатпа

Қазақстанның қазіргі заман тарихында 1989 жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Осы кезеңдегі 1989 жылы маусымда өткен, ерекше, бүгінгі таңда академиялық әдебиеттерде тиісті бағасын ала алмаған оқиғалардың бірі Жаңа Өзендегі (Маңғышлақ облысында) этникалық қақтығыстарды атап өтуге болады. Бұл оқиға үлкен дау туындатты, өйткені оны ұйымдастырған қарапайым адамдар болды, бұл жағдай Кеңес Одағындағы тоталитарлық саяси жүйенің жүргізген саясатына кері әсер етті.
Бұл бір-біріне деген жеккөрушілік пен қарамақайшылықтан туындаған қақтығыстарды, ұлтаралық келіспеушілік деп сипаттаған басқа зерттеушілердің көзқарастарынан өзгеше бағытты негізге ала отырып, біз бұл қақтығысты экономикалық ұлтшылдық тұрғысынан сипаттауды ұсынып отырмыз (Helleiner and Pickel 2005; Tsygankov 2005; Schulman 2000). Жаңа Өзен оқиғасы сонымен қатар жергілікті өндірісті бақылауда ұстау қажеттілігін, жалпы кеңестік және ұлттық экономикалық жүйедегі мүдделерді бөліп қарастыру қажеттілігін негіздеген алғашқы ескерту белгілердің бірі болды, бұл мақалада авторлар оқиғаны экономикалық ұлтшылдықтың алғашқы көрінісі ретінде қарастыруға мүмкіндік алды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-11

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы