Түркі халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихының батыстық тарихнамасы
Аңдатпа
Аттила, Шыңғыс хан, Әмір Темір секілді ұлы варварлар тарихы әрдайым тарихшыларды қызықтырған. Бұған ғұндар туралы, Батыс пен Шығыс жылнамашылары жазған аңыздары ықпал етті. Аталмыш мақалада ағылшын тілінде жарыққа шыққан бірқатар жалпылама еңбектер мен монографияларға қысқаша шолу жасалған. Соның ішінде батыс тарихнамасында түркі халықтарының ежелгі және орта ғасыр тарихына үлкен өзгерістер жасаған тарихи зерттеулер таңдап алынды.
Қарастырылған барлық жұмыстар батыс тарихнамасындағы Орталық Азия тарихына орасан зор үлес қосқан. Сонымен қатар, осы еңбектер батыс тарихнамасының тұғыры іспетті. Бұл монографиялар библиографияға, иллюстрацияға, карталарға бай. Аталмыш жалпы шолу бұл зерттеулердің сан қырлы әрі жан-жақты екенін көрсетеді. Олардың басты ұтымды тұсы да осы. Олардың басты құндылығы – түркі мен моңғол халықтарының ерекшеліктерін, сабақтастық қағидасын және жалпылық мәселелерін негізге алуы. Сондықтан, батыс ғалымдары кең ауқымды және әралуан деректерге сүйене отырып, жоғары шеберлікпен ежелгі мен ортағасырлық түркі халықтарын зерттеуге үлкен үлес қосты.
Түйін сөздер: Түркі халықтары, тарих, батыс тарихнама, монография.








